RU

"СҚ-Фармация" экс-басшысының іс-әрекеті дәрігерлердің ауру жұқтыруына себеп болған

Берік Шәріп
Берік Шәріп. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алқа отырысында тергеліп біткен "СҚ-Фармация" ісі бойынша сөз қозғалды. Бұрынғы компания басшысының іс-әрекеті қандай салдарға әкеп соқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, "СҚ-Фармация" бойынша іс аяқталған. Қазіргі таңда таныстырылымда жатыр. Таныстырылым аяқталғаннан кейін айыптау актін бекіту үшін прокуратураға жіберіледі.

"Толығырақ айта алмаймын. Күдікті біреу.

Оның іс-әрекетінің салдары денсаулық сақтау мекемелерінің қалыпты қызметін бұзуға және дәрігерлердің ауру жұқтыруына әкеп соқтырды. 8 млрд теңге келісімшарт аясында" - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы 21 сәуірде елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде Берік Шәріп "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалған еді.

Кейін мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында компанияның қызметін сынға алып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ұйымының жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғын тексеруді тапсырды.

Сол күні Берік Шәріп қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Өткен жылдың 14 тамызында "СҚ-Фармация" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Берік Шәріптің екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Берік Шәріпке қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896377-sk-farmacia-eks-bassysyny-is-reketi-drigerlerdi-auru-zktyruyna-sebep-bolgan/