Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мьянма президенті мемлекеттік кеңесшімен бірге қамауға алынды

Опубликовано:

Вин Мьин и Аун Сан Су Чжи
Вин Мьин и Аун Сан Су Чжи. Фото: Aung Htet/AFP/Getty Images

Мьянмада ел президенті Вин Мьин, мемлекеттік кеңесшінің қызметін қоса атқаратын "Демократия үшін ұлттық лига" партиясының көшбасшысы Аун Сан Су Чжи және партияның басқа да жоғары лауазымды тұлғалары қамауға алынды.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпан күні таңертең ұстау шарасы өткен, бірақ нақты кім екені белгісіз, деп жазады РБК.

"Мен халқымызға оның негізсіз әрекет етпейтінін және заңға сәйкес қызмет ететінін айтқым келеді", – деді партияның баспасөз хатшысы Мио Ньюнт.

Сонымен қатар, ол көп ұзамай өзі де ұсталатынын болжады.

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз әскери күштер төңкерісті ұйымдастыру кезеңінде деп болжам жасаймыз", – деді партияның баспасөз хатшысы журналистерге.

Басылымның мәліметінше, ел астанасы Нейпьидода телефон және интернет байланысы жоқ. Аталған шаһар мен Мьянманың ірі қаласы Янгонда әскери қызметкерлердің қарасы көріне бастаған.

MRTV мемлекеттік телерадиокомпаниясы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында техникалық проблемаларға байланысты эфирді тоқтатуға тура келетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896601-manma-prezidenti-memlekettik-keessimen-birge-kamauga-alyndy/