Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Трамп екеуінің әңгімесі жария болуын "қорлау" деп атады

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Anna Marchenko\TASS via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский 2019 жылы өзінің Дональд Трамппен болған әңгімесін АҚШ жарияламауы керек еді деген мәлімдеме жасады. HBO және Axios порталына сұхбат берген Зеленский олардың іс-әрекетін қорлау деп атады.

2019 жылы демократтар америкалық көшбасшы украиналық әріптесіне қайта сайлануына көмектесу үшін қысым жасады деп мәлімдегеннен кейін Ақ үй Зеленский мен Трамп арасындағы сөйлесудің жазбасын жариялады.

Зеленскийдің айтуынша, Трамп қысым көрсетті деген мәлімдеме украиналық көшбасшыны қорлаған.

"Мен - Украина президентімін. Біз АҚШ-қа қарағанда азырақ болуымыз мүмкін, бірақ біз - тәуелсіз Украинамыз. Сол себепті ол маған қысым көрсеткен жоқ", - дейді Зеленский.

Украина президенті екі көшбасшының әңгімесін жариялау АҚШ тарапынан жасалған бұрыс әрекет екенін атап өтті. Оның сөзінше, өз елінде мұндай жағдай орын алмас еді.

Еске сала кетсек, Украина президенті америкалық The New York Times басылымына берген сұхбатында Джо Байден Украинаны жақсы білетінін және Донбасстағы қақтығысты қалыпқа келтіруге әсер ете алатынын мәлімдеген еді.

Зеленскийдің айтуынша, Байден Украинамен тығыз қарым-қатынаста. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Украина мен Ресейдің айырмашылығын түсінеді және украиналық менталитеттен хабардар.

"Бұл шынында біздің қарым-қатынасты нығайтуға, Донбасстағы соғысты реттеп, біздің аумақты оккупациялау мәселесіне нүкте қоюға көмектеседі. Құрама Штаттар қол ұшын бере алады",- деді Украина басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896612-zelenskij-tramp-ekeuini-gimesi-zaria-boluyn-korlau-dep-atady/

pixel