Тоқаев Қазақстанда вакцинацияның басталуына қатысты пікір білдірді
Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика аумағында басталған COVID-19-ға қатысты жаппай вакцинацияға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Твиттер" желісіндегі ресми парақшасында айтты.
"1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді.
Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын" , - деп жазды Тоқаев.
Еске сала кетейік, бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпе ең алдымен халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. салынады.
Айта кетейік, бүгін еліміздің бас санитар дәрігері мен денсаулық сақтау вице-министрі вакцина салдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896770-tokaev-kazakstanda-vakcinaciany-bastaluyna-katysty-pikir-bildirdi/