Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік шенеунік қамауға алынғаны жайлы қауесетке қатысты видеоүндеу жариялады

Опубликовано:

Асқар Қаныбеков
Асқар Қаныбеков. Фото: shymkent13.ru

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Асқар Қаныбеков желіде өзінің қамауға алынғаны туралы ақпарат таратылғанын айтты. Осыған байланысты шенеунік видеоүндеу жариялады.

Асқар Қаныбековке қатысты қолға түсіру және қылмыстық іс қозғау туралы ақпарат "Шенеунік" Telegram арнасында жарияланды. Басылымда ЖШС-нің тағы бір директорына және басқа да тұлғаларға қатысты тергеу басталғаны айтылған.

Аталған ақпарат пайда болғаннан кейін Асқар Қаныбеков өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында видеоүндеу жариялады.

"Мен, Қаныбеков Асқар Сәкенұлы, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысымын. 1 ақпан 2021 жылы әлеуметтік желілерде Facebook, Instagram, бірқатар ресми сайттарда мен туралы негізсіз, жалған ақпарат таратылды. Мен бүгінгі таңда жұмыс орнымда отырмын. Өзіме жүктелген міндеттерді атқарудамын", – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Еске салсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев қоғамдық жұмыстарды сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза ретінде белсенді қолдану қажет деп санайды.

Шпекбаевтың айтуынша, түрме адамды сирек тәрбиелейді. Ол ЭЫДҰ (ОЭСР) елдерінде жемқорларды негізгі немесе қосымша жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартуы кездейсоқ емес екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896791-symkenttik-seneunik-zini-kamauga-alyngany-zajly-kauesetke-katysty-videondeu-zarialady/

pixel