Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Міндетті түрде": Дариға Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдырмақ

Опубликовано:

Мәжіліске сайланған әйел депутаттар
Фото: ҚР Сенаты баспасөз қызметі

Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Міндетті түрде салдырамын. Сіздерге де кеңес беремін", - дейді депутат.

Сонымен бірге ол қандай вакцина салдыратынын да айтты.

"Әрине, Спутник. Отандық вакцина әлі тіркелген жоқ қой", - дейді Дариға Назарбаева.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды.

Екпені алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов салдырды.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер шенеуніктер коронавирусқа қарсы шынайы вакцинаны салдырмайды деген қауесетке де жауап берді.

Сондай-ақ Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинаның жағымыз әсері болса, әрбір жағдай жеке дара тексерілетінін айтты.

Оның сөзінше, вакцинацияның әрбір кезеңінде өндірушіден бастап емдеу мекемелеріне дейін жауапкершілік ортақ, барлығына бірдей болады.

Сонымен бірге Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев коронавирусқа қарсы "Sputnik V" вакцинасын салдырған болатын.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897091-mindetti-trde-dariga-nazarbaeva-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyrmak/

pixel