Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңа агенттіктің үш басшысын тағайындады

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады деп хабарлайды Ақорда.

Президент өкімімен:

Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына;

Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына;

Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырған еді.

Кейінірек, президент қаржы мониторингі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңа агенттіктің басшысы болып Жанат Элиманов тағайындалды.

Сонымен қатар Жанат Элиманов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің алдағы жоспарлары, жақында таратылған Қаржы мониторингі комитетінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Элимановқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді, бұл ретте бизнесін адал істеп отырған кәсіпкерлердің мүддесін қорғауды және олардың жұмысына жөнсіз араласуға жол бермеуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897298-toqaev-zana-agenttiktin-us-bassysyn-tagaiyndady/

pixel