Маржан Әкімжанова Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды
Опубликовано:

Маржан Әкімжанова мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Әкімжанова бұған дейін президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімдерімен:
Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына;
Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына;
Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін Жанат Қалдыбекұлы Элиманов қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.
Ол жаңа қызметіне дейін аталмыш комитет төрағасының орынбасары болған.
Оған қоса, Қарағанды әкімінің жаңа орынбасары болып Тайхан Қалмаханов тағайындалған еді.
Қалмаханов бұл қызметті 2014 жылдан 2016 жылға дейін атқарған.
Кейін Қарағанды облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа қызметіне дейін басқарма басшысы болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897299-marzan-akimzanova-toqevtyn-kenessisi-bolyp-tagaiyndaldy/