Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік лауазымды шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Опубликовано:

Олег Почивалов
Фото: gov.kz

Өткен жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желіде Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қос азаматтығы бар екені туралы ақпарат тарады. Ал мұндай әрекетке біздің елде тыйым салынған. Соған қарамастан, әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарған еді. Ал жақында Олег Почиваловтың шын мәнінде Қазақстаннан басқа да елдің азаматы екені расталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың шетел азаматтығы бар екенін анықтады. "ҚР азаматтығы туралы" Заңның 21 - бабының 5-бөлігіне сәйкес Шымкент полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісін тіркеді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін желіде дене шынықтыру және спорт қалалық басқармасы басшысы Олег Почиваловта Ресей Федерациясы азаматтығы бар екені көрсетілген құжат жарияланған еді. Алайда, әкімдік ақпаратты теріске шығарып, шенеуніктің тек Қазақстан азаматы екенін жеткізген болатын.

Айта кетейік, Шымкентте қаланың бас тасымалдаушысы "Шымкент Бас" автопаркінің 300-ге жуық жүргізушісі мен кондукторы жұмысқа шығудан бас тартты. Олар тәулігіне 18 сағат жұмысы үшін тым аз жалақы берілетінін, ал жұмыста еш жағдай жасалмағанын айтып шағымдануда. Қызметкерлер "басшылықтың айыппұлынан да" шаршағандарын айтуда. Билетсіз мінгендер болса, жолаушылар маскасыз кірсе, әр жүргізушіден 7 мың теңге қағып алатынға ұқсайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897387-symkenttik-lauazymdy-seneunik-kazakstan-azamattygynan-ajyryldy/

pixel