Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік шенеуніктер бюджеттен 179 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

ақша жымқыру 1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн-брифингінде аса маңызды істер бойынша тергеуші Данияр Бекайдаров Шымкентте ауылшаруашылығы саласының шенеуніктеріне қатысты қылмыстық тергеу басталғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Расталмаған дереккөздерге сүйенсек, Шымкентте бюджеттен 179 млн теңге жымқырды деген күдікпен ауылшаруашылығы саласының шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

БАҚ өкілдері тергеушіден істің мән-жайын сұрады.

Тергеуші ақпаратты растады.

"Шымкент қаласының мемлекеттік аудитінен келіп түскен акті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген шығын сомасын анықтау үшін тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Өкінішке орай, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді", - дейді Данияр Бекайдаров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы қызметін атқарған Жеңіс Байымбетов 10 жылға, "Инвестстройпроект ЛТД" ЖШС басшысы Ақжол Айтбаевтың 8 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.

Сотталушылар 2019 жылы қылмыстық келісім жасасып, Шымкент қаласының аумағын топографиялық түсіруге бөлінген 498 миллион теңге бюджеттік қаражатты жымқырды деп айыпталған.

Сонымен бірге бюджеттен 25 млн теңге жымқырдып деп айыпталған Шымкент балалар ауруханасының бас дәрігері 4 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ал емдеу мекемесінің бас есепшісіне шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897540-symkenttik-seneunikter-byudzetten-179-mln-tenge-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel