RU

Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Касым-Жомарт Токаев и Талгат Донаков
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары Сот Кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында баяндалды.

Мемлекет басшысына Қазақстан халқына Жолдауында және республикалық соттар съездінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар Президентке Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897852-toqaev-zogary-sot-kenesinin-toragasyna-birqatar-tapsyrma-berdi/