Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркі кеңесінің бас хатшысымен кездесудегі Маминнің әрекеті түріктерді тәнті етті

Опубликовано:

Асқар Мамин
Фото: sputniknews.kz

Өткен аптада Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Амреевпен келіссөздер жүргізді. Түркиялық тарап кездесу кезінде Маминнің әрекеттерінің біріне жоғары баға берді.

Нақтырақ айтсақ, Мамин ресми кездесуде алғаш рет Түркі кеңесінің туын Қазақстан туының қасына қойды. Бұл әрекетке түркиялық тарап тәнті болды, деп жазады ИноСМИ.

"Бұл түркі әлемін біріктіретін ұйымның тіршілігін нығайту үшін маңызды қадам ретінде қарастырылуда. Түркі кеңесін халықаралық саясатта Еуропалық Одақ дәрежесіндегі ұйым ретінде көрсету - бұл маңызды сигналдардың бірі, сонымен қатар түркі әлемі елдерінің бұл тәсілді одан әрі нығайта түсетінінің көрсеткіші", - дейді профессор Мұрат Ешілташ.

Бұл жайтқа қатысты өз пікірін тағы бір беделді сарапшы ортаға салды.

"Кәдімгі хаттамада, ЕО ұлттық органдардан жоғары тұратын ұйым болғандықтан, одақтың туы мүше мемлекеттердің туларымен бірге қолданылады. Түркі кеңесі ұлттық органдардан жоғары тұратын ұйым емес, халықаралық ұйым болып табылады. Хаттамаға сәйкес Қазақстан премьер-министрі Түркі кеңесінің бас хатшысын ұйымның туын қойып, қабылдауға міндетті емес", - деп бөлісті профессор Ферхат Пиринччи.

Сарапшы Маминнің бұл әрекетінен екі түрлі мағына табуға болатынын және екеуі де жақсы мағынаға ие екенін алға тартты.

"Түркі кеңесінің туын қою - бұл Қазақстан премьер-министрінің тарапынан жасалған әдемі әрекет. Бір жағынан, бұл Қазақстанның Түркі кеңесіне маңызды ұйым ретінде қарайтынын білдіреді және бұл ұйымның келешегіне қатысты жақсы белгі болып табылады. Екінші жағынан, бұл әрекетті қазақ ұлтының өкілі болып табылатын ұйымның бас хатшысының жеке сыйластық әрекеті ретінде түсінуге болады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897977-maminnin-turki-kenesinin-bas-xatsysymen-kezdesuindegi-areketi-turkiyalyqtardy-tanti-etti/

pixel