Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыздың соңына дейін шекарадағы заңсыз тауар айналымына қарсы тәсілдер әзірленеді

Опубликовано:

Жүк көлігі
Көрнекі фото: Sputnik / Евгений Епанчинцев

Көршілес елдер арасында кедендік статистикадағы алшақтық мәселесі әлі шешілген жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-министрдің атап өтуінше, декларациялау және көршілес елдер арасында кедендік статистикадағы алшақтық мәселесі әлі де шешілген жоқ.

"Сондықтан, Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бойынша тәсілдерді әзірлеп, Үкіметке енгізсін",- деді Асқар Мамин.

Еске сала кетсек, үкімет отырысында Қаржы министрі ведомство өз қатарында сыбайлас жемқорлықпен қалай күреспек ниетте екенін айтқан еді.

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақының аздығына, әлеуметтік қауіпсіздікке және жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа тап болатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай қорытындыға сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік келген.

Министрдің айтуынша, бұл жағдай тәжірибелі жұмысшылардың жеке секторға кетуіне алып келеді.

"Базалық жалақыға қосымшамен және бірыңғай форманы енгізумен сыныптық шендерді енгізу ұсынылады. Бұл шаралар жоғары білікті кадрлар мен сабақтастықты сақтауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897989-nauryzdyn-sonyna-deiin-sekaradagy-zansyz-tauar-ainalymyna-qarsy-tasilder-azirlenedi/

pixel