Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жиі шағымданатын кәсіпкерлерді тексеруге тыйым салынбайды

Опубликовано:

Бизнесмендер
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржы министрі үкімет отырысында оның ведомствосы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий енгізу туралы қаулыға түзетулер енгізу жөнінде бастама көтергенін айтты. Өзгерістерге сәйкес, қазақстандықтар жиі шағымданатын кәсіпкерлерді тексеруге тыйым салынбайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев 2020 жылы тексеруге енгізілген үш жылдық мараторий кассалық тәртіпті төмендеткенін атап өтті. Оның сөзінше, кейбір кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан заңсыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдаған.

Айғақ ретінде министр статистикалық деректер келтірді.

Тек 2020 жылдың өзінде министрлік жүргізген "Азаматтық бақылау - чекті талап ет" жобасы аясында Мемлекеттік кірістер комитетіне бейнежазбамен 16,5 мың бұзушылық туралы хабарлама келіп түскен.

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мораторийге байланысты шара қолдана алмаған 7 мың шағым келіп түсті.

"Біз мораторий туралы Жарлыққа азаматтардың жосықсыз субъектілерге шағымдары бойынша тексерулерді таратпау бөлігіне түзетулер енгізу бастамасын көтердік", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ерұлан Жамаубаев қаржы министрлігінің қызметкерлері не себепті сыбайлас жемқорлыққа ілігетінін айтқан еді.

Министр мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақының аздығына, әлеуметтік қауіпсіздікке және жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа тап болатынын жеткізді.

Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік осындай қорытындыға келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898003-qazaqstandyqtar-zii-sagymdanatyn-kasipkerlerdi-tekseruge-tyiym-salynbaidy/

pixel