Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артты: Аймағамбетов президентке есеп берді

Опубликовано:

Касым-Жомарт Токаев и Асхат Аймагамбетов
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған жолдауда, сондай-ақ ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берілді.

Асхат Аймағамбетов президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды белсенді іске асырып жатқаны, мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артқаны туралы баяндады. Биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, сонымен қатар балаларға қолайлы орта қалыптастыру және "Кітап оқитын мектеп" жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуде балалардың құқықтарын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, академиялық еркіндікті қамтамасыз ету және оқу орындарын одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.

Айта кетейік, журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берген Асхат Аймағамбетов алдағы ҰБТ қалай өтетінін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898132-mugalimderdin-enbekaqysy-25-paiyzga-artty-aimagambetov-prezidentke-esep-berdi/

pixel