Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Түймебаевты Ассамблеядағы қызметінен босатты

Опубликовано:

Фото
Фото: Wikipedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда жариялаған құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін Жансейіт Түймебаев Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалғаны хабарланды.

Жансейіт Түймебаев 1958 жылы Түркістан облысында туған. 1980 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филолог мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898328-prezident-tjmebaevty-assambleadagy-kyzmetinen-bosatty/

pixel