Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстан президенті өз ұлын вице-премьер етіп тағайындады

Опубликовано:

Сердар Бердымухамедов
Фото: gossov.tatarstan.ru

Түркіменстан президенті Сердар Гурбангулыұлы Бердымұхамедовті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түркіменстан жоғары бақылау палатасының төрағасы етіп тағайындады. 11 ақпан күні қол қойылған жарлыққа сәйкес, ол Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына кірді деп хабарлады turkmenportal.com сайты.

Вице-премьердің жаңа лауазымы министрлер кабинеті мен Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің бірлескен отырысында бекітілді.

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедовті қызметке тағайындай отырып, жаңа вице-премьердің міндетіне цифрлық жүйе мен инновациялық технологияларды өндірістің барлық саласына, мемлекеттік басқару және қоғамдық құрылым жүйесіне енгізу, сондай-ақ осы қызметті бақылауды жүзеге асыру жұмыстары кіретінін айтты.

Сердар Бердымұхамедов бұған дейін, 2020 жылдың 7 ақпанынан бастап Түркіменстанның өнеркәсіп және құрылыс өндірісінің министрі қызметін атқарған еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Гурбангулы Бердымұхамедов отандық гаджеттердің соңғы үлгілерін қарап шығып, оларға атау берген болатын.

Сонымен қатар 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының алдында сөйлеген сөзінде Түркіменстан президенті коронавирус індетінің қауіптілігін мойындаған еді.

Ол, тіпті өз елінде коронавирус жұқтырғандардың бар екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, Түркіменстан билігі елдің Қылмыстық кодексіне өзгерту енгізген еді. Оған сәйкес, енді "қауіпті жұқпалы аурулардан" емделуден жалтарғандар немесе ауруханадан қашқандар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898668-turkimenstan-prezidenti-oz-ulyn-vice-premer-etip-tagaiyndady/

pixel