Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Дәленов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Руслан Дәленов
Руслан Дәленов. Фото: baribar.kz

Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Руслан Дәленов Ыстамбұлдағы Мармара университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы мемлекеттік кіріс министрлігінде бастап, жетекші маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2002 жылдың наурыз-қыркүйек айлары арасында Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарған.

Ал 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың мамыр айына дейін қаржы министрлігінің кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің ағымдағы кірістер басқармасының басшысы болған.

Кейінірек қаржы министрлігінің cалық комитетінде кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасында басшы қызметін атқарады. Содан қаржы министрлігінің талдау департаменті директоры болып жұмыс істейді.

2005-2008 жылдар арасында жеке секторда жұмыс істеген.

Ал 2008 жылдың наурызында қаржы вице-министрі болып тағайындалады.

2019 жылдан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін ол Қазақстанның ұлттық экономика министрі болды.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898703-ruslan-dalenov-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel