Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медведев күтпеген жерден Навальныйды қолдау акциясына "қатысты"

Опубликовано:

Акцияға қатысушылар
Фото: twitter.com/teamnavalny_spb

14 ақпанда Ресей қалаларында Алексей Навальныйды қолдауға арналған тағы бір митинг өтті. Оппозиция жақтаушылары фонарьмен көшеге шықты. Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев те науқаннан "қалыс қалмады" деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғашықтар күні Алексей Навальныйдың Ресейдегі және шет елдердегі жақтаушылары шамдар мен жарықшалармен "флешмобқа" шықты. Науқанның "ЛюбовьСильнееСтраха" хэштегі Twitter-дің ресейлік сегментіндегі ең танымал хэштегтердің біріне айналды, деп жазады Би-би-си.

Навальныйдың штабының бастығы Леонид Волков өз жақтастарынан 14 ақпанда сағат 20:00-де аулаға шамдармен 15 минутқа шығуды өтінді.

Дәл сол күні Дмитрий Медведевтің Instagram-дағы аккаунтында қысқы көрініс, оның ішінде шамдардың бірнеше фотосуреттері жарияланды. Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарының бұл жазбасын кейбіреулер Навальныйға қолдау ретінде қабылдады.

"Дмитрий Анатольевич, "Дождь" арнасында айтылғандай, Сіз шамдардың суретін жариялап, Навальныйды қолдау акциясына қатысқансыз", – деп пікір жазды vadim_manukyan.

Медведев мұны қате ақпарат деп атады.

"Қателеседі, бұл нағыз ресейлік қысты қолдауға арналған, климаттың өзгеруіне және Гретаға қарсы күреске бағытталған жазба", – деп түсіндірді Дмитрий Медведев.

14 ақпандағы науқанға дейін бірнеше күн бұрын Ресей билігі келісілмеген митингтерге қатысқаны үшін әкімшілік жазалау туралы ескертті.

Байланыс, ақпараттық технологиялар және БАҚ саласын қадағалау жөніндегі федералды қызмет кейбір басылымнан Навальныйды қолдайтын флешмоб туралы мақалаларды алып тастауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898929-medvedev-kutpegen-zerden-navalnyidy-qoldau-akciyasyna-qatysty/

pixel