Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Ермек Алпысов
Ермек Алпысов. Фото: gov.kz

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

Ермек Алпысов энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңесте өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Оның екі жоғары білімі бар - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша география және биология пәндерінің оқытушысы, экономист.

Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласындағы №156 орта мектепте бастаған.

2001 жылдан бастап Ермек Алпысов мемлекеттік қызметте. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2004-2008 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2008-2012 жылдары - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

2012-2015 жылдары Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетсек, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Әлішер Әбдіқадыров Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған. Осыған байланысты ол қызметінен босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898968-qaragandy-oblysy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel