Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне 39 жастағы Ерболат Омаров тағайындалды. Ол экономика және қаржы саласына жетекшілік етеді деп хабарлайды Ақ Жайық.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ерболат Омаров әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы заңгер болып бастаған. Ал 2005 жылдан бастап сот органдарында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.

2009 жылдан 2013 жылға дейін Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2013-2015 жылдары - Мақат ауданының әкімі болған.

Жаңа қызметіне дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңесте өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Бұл қызметке Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Ермек Алпысов келді.

Алпысов энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Ал Ермек Алпысовқа дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Әлішер Әбдіқадыров Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899077-atyrau-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel