Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Бюджеттің әрбір теңгесі өз мақсатына жұмсалуы тиіс

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттің әрбір теңгесі өз мақсатына жұмсалуы тиіс екенін еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді.

"Прокуратура карантин жағдайында заңдылықтың сақталуына, әлеуметтік және дағдарысқа қарсы бағдарламаларға бөлінген қаржының жұмсалуын бақылауға ерекше мән беруі қажет. Бюджеттің әрбір теңгесі өз мақсатына жұмсалуы тиіс", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратура басшыларының қатысуымен бейне байланыс режимінде кеңес өткізген болатын.

Жиын алдында мемлекет басшысына "Электронды қылмыстық іс", "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі", "Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі", "Электронды арыз-шағымдар" және "Аналитикалық орталық" сияқты цифрлық жобалар ұсынылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлына прокурорлардың сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша кейбір органдардың шешімдерімен онлайн-режимде келісу үдерісі таныстырылды. Аталған зияткерлік шешімдер президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында қабылданды.

"Дұрыс бағыттағы ауқымды жұмыс атқарылғанын ерекше қуанышпен айтқым келеді.  Бұл жұмыстарды кеңейтіп, жалғастыра беру керек. Өйткені цифрландырудың баламасы жоқ", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899089-prezident-byudzettin-arbir-tengesi-oz-maqsatyna-zumsaluy-tiis/

pixel