Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы: Бизнесті заңсыз тексеруді тоқтату керек

Опубликовано:

ТОҚАЕВ
Фото: twitter.com/TokayevKZ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің бизнеске заңсыз араласып, оның жұмысына кедергі келтіруі ауыр қылмыс ретінде қарастырылуы тиіс екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді.

"Бизнесті заңсыз тексеруді тоқтату керек. Соңғы 3 айда ғана осындай 500-ден аса шағым түскен. Прокурорлар кәсіпкерлер мен барлық құқық қорғау органдарының арасындағы қатынастарда заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің бизнеске заңсыз араласып, оның жұмысына кедергі келтіруі ауыр қылмыс ретінде қарастырылуы тиіс. Прокуратура органдары осыны есте ұстауы керек. Оның үстіне бұл мәселе заңнамалық тұрғыдан рәсімделеді", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратура басшыларының қатысуымен бейне байланыс режимінде кеңес өткізген болатын.

Жиын алдында мемлекет басшысына "Электронды қылмыстық іс", "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі", "Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі", "Электронды арыз-шағымдар" және "Аналитикалық орталық" сияқты цифрлық жобалар ұсынылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлына прокурорлардың сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша кейбір органдардың шешімдерімен онлайн-режимде келісу үдерісі таныстырылды. Аталған зияткерлік шешімдер президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899091-memleket-bassysy-biznesti-zansyz-tekserudi-toqtatu-kerek/

pixel