RU

Қазақстандық "дипломат" Киевте ереже бұзды деп айыпталды: СІМ видеоны зерттеуде

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: youtube.com/ЗупиниЛося

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері ретінде көрсетілген азамат жол ережесін өрескел бұзды деген ақпарат тарады.

Күні кеше украиналық қоғамдық бірлестіктердің бірінің YouTube арнасында Toyota Camry маркалы көлігі көрініс тапқан пайда болды. Белсенділердің айтуынша, Қазақстанның дипломатиялық нөмірлері бар автокөлік жол ережесін өрескел бұзған.

NUR.KZ тілшісі еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінен түсініктеме сұрады.

"Қазір Киевтегі біздің елшілік оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр, жергілікті полициямен байланысқа шықтық. Жол ережесінің бұзылғандығы, айыппұл салынған-салынбағаны нақтылануда. Украинадағы әріптестерімізден толығырақ ақпарат алғанда оқиғаның анық-қанығы жайлы түсініктеме береміз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып, Сириядан бір топ Қазақстан азаматын елге қайтару операциясын өткізді.

Арнайы операцияға АҚШ және өзге де халықаралық серіктестер қолдау көрсетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 адам болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Жусан" операциясының жалғасы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899223-qazaqstandyq-diplomat-kievte-erezes-buzdy-dep-aiyptaldy-sim-videony-zertteude/