Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолтаңбасын қалдырды": Президент Нұртілеу Иманғалиұлының қазасы жайлы

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас, "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899417-prezident-nurtileu-imangaliulynyn-dunieden-otuine-bailanysty-konil-aitty/

pixel