RU

Мысыр президенті азаматтарды бала тууды шектеуге шақырды

ото
Көрнекі фото: pexels.com

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды шектеуге шақырды деп хабарлайды "Хабар 24".

Абдель Фаттахиың айтуынша, елде қазіргідей өсім сақталса, халық саны жыл сайын 2 миллион адамға көбейіп, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі келтірмек.

Ал 2052 жылға қарай Мысыр халқының саны 193 миллионға жетеді екен.

"Сондықтан Мысыр үшін ең тиімдісі, жылына 400 мың адамға көбею", – дейді ол.

Бірақ билік мәселені қатаң заңмен реттеуге ниетті емес.

Ресми дерекке сүйенсек, қазір Мысыр халқының саны 100 миллионнан асады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде 2020 жылы халқы саны 245 мыңға артып, 2021 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 18 млн 877 мың адамға жеткенін хабарлаған едік.

Оның ішінде 11,149 млн адам (59,1%) қалалық болса, 7,727 млн адам (40,9%) ауылдық.

Ең үлкен өсім елдің үш өңірінде - Алматыда (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтанда (48,5 мың адам) және Шымкентте (38 мың адам) байқалған.

Сонымен қатар биыл елімізде халық санағы өтеді. Халық санағын арнайы веб-порталда онлайн форматта 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізу жоспарланған.

Азаматтар қай жерде жүргеніне қарамастан, санаққа қатыса алады. Ол үшін сайтқа кіріп, өзі және отбасы үшін арнайы сауалнаманы толтырса жеткілікті.

Ал онлайн режимде санақтан өтпеген азаматтарды анықтау үшін үй-үйді аралап тіркеу өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899505-mysyr-prezidenti-azamattardy-bala-tuudy-sekteuge-saqyrdy/