Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында тұрғындар жұмысын сынға алған әкім қызметінен кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Жамбыл облысы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылды. Бұған дейін Бектөбе ауылының тұрғындары шенеуніктің жұмысын қатаң сынға алған еді деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылғанын облысы басшысы Бердібек Сапарбаев халықпен есеп беру кездесуінде айтты.

Сапарбаев ел президентінің тапсырмасына сәйкес халықпен тиімді кері байланыс орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса тоқталды.

Мәселен ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан бастап облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесуі өткен.

Облыс әкімінің өзі ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің 14 есебіне қатысқан.

Есеп беру кездесулерінде өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар әкімдердің жұмысын объективті түрде бағалауға мүмкіндік алған.

"Тұрғындардың біздің жұмысымызға беретін бағасы аса маңызды. Алға қойылған міндеттерді орындай алмаған әкімдер жауапкершілікке тартылады. Мәселен Бектөбе ауылының тұрғындары есеп беру кездесуінде Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алған болатын. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды", - дейді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетйік, аймақ басшысы бір жыл ішінде облыс бойынша жүзден астам жұмыс сапарына шығып, барлығы 240 елді мекенді аралап, 657 нысанның қызметімен танысқан.

Сапарбаев жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштеріне құлақ асып, жауапты тұлғалар тиісті тапсырмалар жүктеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899865-zambyl-oblysynda-turgyndar-synynan-keiin-auyl-akimi-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel