Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әлем бойынша адам құқықтарын қорғамақшы

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуерді Женевада өтіп жатқан БҰҰ адам құқықтары жөніндегі (БҰҰ АҚК) 46-шы сессиясының жоғары деңгейдегі сегменттің онлайн-отырысына қатысты деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Іс-шараға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет, 150-ден астам елдің үкімет басшылары мен министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан.

Сыртқы істер министрі өз сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау, демократиялық қоғам құру және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын енгізу бөлігінде бастамашылық еткен саяси реформалар пакетін іске асырудың табысты тәжірибесі туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, бейбіт жиындар туралы жаңа заңның қабылдануы, жала жабуды қылмыстық сипаттан арылту, қылмыстық кодекстің жекелеген баптарын ізгілендіру, әйелдер мен жастар үшін 30% сайлау квотасын енгізу, сондай-ақ Қазақстанның өлім жазасының күшін жою туралы екінші Факультативтік Хаттамасына қосылуы өзекті жетістіктер қатарында атап өтілді.

"Тілеуберді Қазақстанның бейбітшілікті, келісімді нығайту және адамның іргелі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұжымдық жаһандық күш-жігерге барынша үлес қосуға бейілділігін растады. Осыған байланысты ол Қазақстанның 2022-2024 жылдарға арналған БҰҰ АҚК мүшелігіне өтінімін жариялап, оның халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолдауына үміт білдірді", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900353-qazaqstan-alem-boiynsa-adam-quqyqtaryn-qorgamaqsy/

pixel