Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде барлық ақша аударымдарына салық салынатыны рас па

Опубликовано:

Банк карталары
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда банктік мобильді қосымшалар арқылы жасалатын барлық ақша аударымдарына таяу арада салық салынатын болады деген хабарлама тұрғындарды дүрліктіруде. Осы орайда stopfake.kz сайты бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрді.

Мұндай ақпарат танымал RasTime YouTube арнасында пайда болған.

Автор "жеке тұлғалардың ақша аударымдарына салық салу жүйесін әзірлеуге шақырған премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың" сөзіне сүйенген.

Ролик авторының айтуынша, салық аударым сомасы мен мақсатына қарамастан алынады.

Алайда еліміздің Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Әрбір сатып алу (картамен төленген – авт.), достарына немесе туыстарына жасаған ақша аударымы үшін салық төлеуге тура келетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жеке тұлғалардың бірде-бір ақша аударымына салық салынбайды және мұндай салықты енгізу жоспарда жоқ. Бұл видеода жалған ақпарат ұсынылған", – деп хабарлады ведомство.

Әлихан Смайыловтың кәсіпкерлердің қызметіне немесе сатылған тауарларына қатысты ақша аударымдарына салық салу қажеттігі туралы айтқаны рас. Бұл шара тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болады.

Айта кетейік, бұған дейін желіде ҰБТ-дан шет тілі алынып тасталды деген ақпарат тараған еді.

Алайда Ұлттық тестілеу орталығы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын, Қазақстанда ҰБТ-да бейіндік пәндер тізімінен шет тілдерін және басқа да пәндерді алып тастау жоспарланбағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900535-elimizde-barlyq-aqsa-audarymdaryna-salyq-salynatyny-ras-pa/

pixel