Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлібек Қуантыров ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров. Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрінің ресми сайтында хабарланды.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

Еске салсақ, бұған дейін үкіметтің қаулысымен Бахтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Бахтияр Қожахметов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Карлов университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда маман ретінде бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900766-alibek-quantyrov-ulttyq-ekonomika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel