Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент ендігі кезекте кімдердің стипендиясын көтеру керектігін айтты

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында студенттердің стипендиясына қатысты мәселе талқыға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Отырыс барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі кезекте кімдердің стипендиясын көтеру керектігін айтты.

"Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет", - деп президенттің сөзін келтірді Ақорда Twitter парақшасында.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Білім» тарифі жөнінде сөз қозғады.

"Мобильді операторлардың «Білім» тарифі карантин уақытында қашықтан оқытуға кеңінен жол ашты. Соның арқасында Қазақстанның 600 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалануға мүмкіндік туды", - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық кеңес отырысында.

Еске салсақ, бұған дейін елордада Тоқаевтың қатысуымен маңызды отырыс басталғанын жазған едік. Отырыста Тоқаев қолжетімді үйлер салуға қатысты тапсырма берді.

Одан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіруде Ұлттық экономика министрлігінің құзыретін күшейту керектігін мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, президент мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық мекемелерде көмек көрсетуге қатысты мәселені талқыға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900787-prezident-endigi-kezekte-kimderdin-stipendiyasyn-koteru-kerektigin-aitty/

pixel