Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы: Біз кез келген қиындыққа дайын болуымыз керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстен президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кез келген қиындыққа дайын болуымыз керектігін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінгі отырыста ауқымды әрі маңызды мәселелерді талқыладық. Елімізді жүйелі реформалауға қажетті нақты шараларды айқындадық. Тиісті шешімдерді қабылдадық. Биыл мемлекетіміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесін атап өтеміз. Сондай-ақ бұл- айрықша сын-қатерлер кезеңі. Біз кез келген қиындыққа дайын болуымыз керек", - дейді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашақтағы даму жолы осы сыннан сүрінбей өтуімізге байланысты екендігін баса айтты.

"Біз жоспарланған өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға күш-жігерімізді салуымыз керек. Барлық негізгі бағыттар мен салалар бойынша алға ілгерілеуіміз қажет. Бұл мақсатқа сындарлы және өзара сенімді диалогтың арқасында қол жеткізуге болады", - дейді ел президенті.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы кеңес отырысында екі азаматтығы бар мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер үшін жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныс жасаған еді.

Президенттің сөзінше, бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты болғандықтан, аса маңызды мәселе.

"Үкіметтен және мемлекеттік қызмет агенттігінен атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп беруін сұраймын. Мұндай заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті одан әрі күшейту қажет", - дейді президент

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900812-memleket-bassysy-biz-kez-kelgen-qiyndyqqa-daiyn-boluymyz-kerek/

pixel