Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлыбек Өнербаев
Нұрлыбек Өнербаев. Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы болып Нұрлыбек Өнербаев тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрлыбек Өнербаев – Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінде бас маман болып бастаған.

Әртүрлі жылдары Ақтөбе қалалық қаржы департаментінде, Ақтөбе облыстық қаржы департаментінде, Қарғалы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, Қарғалы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде бөлім басшысы, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, облыстық ревизия комиссиясының мүшесі болды.

2013-2016 жылдары "Ақбұлақ" акционерлік қоғамының вице-президенті лауазымын атқарды.

Қаржы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы жазған едік.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900917-aqtobe-oblysy-qarzy-basqarmasyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel