Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қызметкерлерінің жемқорлығы үшін қанша шенеунік отставкаға кетті

Опубликовано:

шенеунік6
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен онлайн-брифингте қанша шенеуніктің отставкаға кетіп, тағы нешеуінің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарланды. Олардың барлығы қол астындағылардың жемқорлығы үшін жазаланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жетекшілері жауап беретіні туралы заң нормасы енгізілгеннен бастап 7 шенеунік қызметінен босатылған. Тағы 10 әкім тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Соңғы кейстерден алсақ, Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Мұханбетжанов өзінің орынбасары Сабыровқа қатысты сот үкімін күтпестен отставкаға өтініш берді. Осы жылдың 12 ақпанында отставка қабылданды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.

Сонымен бірге, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы және алдын ала ескерту жұмыстарының әлсіздігі үшін 54 бірінші жетекші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде 12 әкімшілік қызметкер және квазимемлекеттік сектордың 1 топ-менеджері қызметінен айырылды.

"71 менеджер бақылауға алынған, оның ішінде 15 саяси мемлекеттік қызметші, 47 әкімшілік және 9 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 9 топ-менеджері бар", - дейді агенттік.

Еске сала кетсек, осы брифинг барысында мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсабековке қатысты тергеу басталғаны хабарланды. Ол пара алды деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ, пара алған Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Сабыровқа 28 млн теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901116-qazaqstanda-qyzmetkerlerinin-zemqorlygy-usin-qansa-seneunik-otstavkaga-ketti/

pixel