Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллиардер": Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі туралы тараған видеоға жауап берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Арыстанбек Мұхамедиұлы/Facebook

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының дүние-мүлкі туралы видеоролик кеңінен тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Авторы жоқ бейнероликте бұрынғы министрдің жылжымайтын мүлкінің құны миллиардтармен есептеледі делінген.

Алайда, Мұхамедиұлы аталған роликке қатысты көп күттірмей өз жауабын берді.

"Достар, мұнда бір видео белсенді түрде таратылуда, маған оны бүгін 10 мәрте жіберді. Ауызына май, дегендей...
Шамасы, жала жабу мен арандатулар әлі көп болатын сияқты: кезекті ақпараттық шабуыл қарқын алуда. Әдеттегідей, анонимді, жалған... Әр кезде ұмытпайтындарыңызға рақмет. Ал барлық достарымды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бірге болғандарыңыз үшін рақмет айтам", - деді Ұлттық музейдің директоры Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусым айына дейін мәдениет және спорт министрі болған. Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901555-milliarder-arystanbek-muxamediuly-ozi-turaly-taragan-videoga-zauap-berdi/

pixel