Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан президенті Назарбаев туралы не дейді (фото)

Опубликовано:

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров еліміздің тұңғыш президентін құрметтейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Елбасының ресми сайты жазды.

Кездесу басталғанға дейін Елбасы мен Қырғызстан президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді.

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті болып сайлануымен құттықтады.

Елбасы
Фото: elbasy.kz
"Қазақстанға қош келдіңіз. Қырғызстан халқы өткен сайлауда Өзіңізге үлкен сенім білдірді. Халқыңыздың жарқын болашағы жолындағы жұмысыңызға табыс тілеймін", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Назарбаев тәуелсіздік жылдары бауырлас екі ел арасында қол жеткізілген ынтымақтастық пен серіктестіктің жоғары деңгейіне баса назар аударды.

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Одан бөлек, елбасы Қазақстан мен Қырғызстан президенттері арасындағы келіссөздердің нәтижелі болғанына тоқталып, бизнес байланыстарды күшейтудің және экономикалық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Садыр Жапаров болса Назарбаевқа екі ел арасында байланыс орнату және нығайту жолындағы жасампаз еңбегі үшін алғысын білдірді.

"Сізді Орталық Азияның көшбасшысы ғана емес, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер ретінде де құрметтеймін! Сіз біздің халықтарымыздың достығы мен ынтымақтастығын арттыруға зор үлес қостыңыз", – деді Қырғыз республикасының президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901639-qyrgyzstan-prezidenti-nazarbaev-turaly-ne-deidi-foto/

pixel