RU

Тоқаев пен Жапаров "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралады

Тоқаев пен Жапаров "Астана" қаржы орталығына барды
Фото: Ақорда

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралап көрді деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары АХҚО-ның Халықаралық соты және Арбитраж орталығының, Қаржылық қызмет көрсету жұмысын реттеу жөніндегі комитеттің, Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың, Жасыл қаржылар орталығының жұмысымен танысты.   

Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының, АХҚО биржасының, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен Қаржы технологиясы хабының қызметтері туралы мәлімет берілді.

Тоқаев пен Жапаров "Астана" қаржы орталығына барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровқа Қаржы орталығының бірқатар әзірлемелері, атап айтқанда, e-Justice электронды сот төрелігінің жүйесі мен TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды.

Іс-шара соңында "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов келешекте АХҚО-ның филиалын Бішкекте, ал Қырғызстанның Инвестиция тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін Қаржы орталығында ашуды ұсынды.

Тоқаев пен Жапаров "Астана" қаржы орталығына барды
Фото: Ақорда

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті 2 наурызда Қазақстанға мемлекеттік сапармен ұшып келді. Жапаровты әуежайдан еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді күтіп алды.

Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапаровты Ақорда резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901773-toqaev-pen-zaparov-astana-xalyqaralyq-qarzy-ortalygyn-aralady/