Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевтың Михаил Горбачевке жазған хаты жарияланды

Опубликовано:

Назарбаев пен Горбачев
Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

Еліміздің тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құттықтау мәтіні Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Онда КСРО президентінің мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екені айтылған.

"Әлем тарихында әсер еткен үлкен өзгерістер сіздің есіміңізбен байланысты. Мерейтойыңызды күш-қуатқа толы күйде қарсы алып, жұмысыңызды жалғастырып, сұранысқа ие қоғамдық, гуманитарлық, ағартушылық жобаларды жүзеге асырып жатқаныңыз қуантады. Біздің достық және сенімге негізделген қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймын", - деп жазған Елбасы.

Қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевке зор денсаулық, ұзақ өмір мен бақ-береке тілеген.

Айта кетейік, Горбачев Михаил-КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті, Нобель сыйлығының лауреаты.

  • Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін (1955), Ставрополь ауыл шаруашылығы институтын (1967) бітірген.
  • 1955-1966 жылдары Ставрополь қалалық және өлкелік БЛКЖО комитетінде қызмет етті.
  • 1966-1967 жылдары Ставрополь қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1970 жылдан 1-хатшысы;
  • 1978-1985 жылдары КОКП ОК-нің хатшысы;
  • 1980 жылдан саяси бюро мүшесі;
  • 1985-1991 жылдары КОКП ОК-нің бас хатшысы;
  • 1989-1990 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
  • 1990 жылдары наурызда Кеңес одағының коммунистік партиясының бас хатшысы және сәуір айында КСРО-ның президенті болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901878-nazarbaevtyn-mixail-gorbacevke-zazgan-xaty-zariyalandy/

pixel