Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай жазба қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Әлихан Бөкейханов 1870 жылы наурыздың 5-і күні бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған.
Ол он тоғызыншы соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алащ жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902133-toqaev-alixan-bastagan-qazaq-ziyalylary-memleketsildiktin-ozyq-ulgisin-korsetti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.