Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысының әкімі төрт адамның қазасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Махамбет Досмұхамбетов
Махамбет Досмұхамбетов: facebook.com/m.dosmukhambetov.online

Атырау облысында 4 наурыз күні қайғылы оқиға орын алып, үш ересек адам мен бір бала қайтыс болды. Өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов Facebook парақшасында болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылында қайғылы жағдай болды. Бір үйден қаза болған екі ер адам, бір әйел адам мен кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың денесі табылды. Сала мамандары көмірқышқыл газынан уланған деп болжап отыр.

Оқиға орнына шұғыл жеткен әкімдік пен төтенше жағдай сондай-ақ полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады", - деп жазды Досмұхамбетов.

Облыс басшысы қайтыс болғандардың отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтты.

Сонымен бірге ол марқұмдардың отбасына материалдық, жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

"Барша облыс тұрғындарының қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуын сұраймын. Сонымен қатар, қала және аудандар мен барлық ауылдық елді мекен әкімдеріне Төтенше жағдай департаментімен бірлесе отырып қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды", - дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902322-atyrau-oblysynyn-akimi-tort-adamnyn-qazasyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel