Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің серуендеу кезінде түскен фотосы жарияланды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: facebook.com/Берік Уәли

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының серуендеу кезінде түскен суреттерімен бөлісті. Уәли фотосуреттерді Facebook-тегі жеке парақшасында жариялады.

Суретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың итпен серуендеп жүргенін байқауға болады.

"Тамаша күн. Таңғы серуен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауында:

"Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөз бекер айтылмаған.

Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін", – деп Берік Уәли президенттің құттықтау сөзін келтірді.

Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

"Еліміз әйелдердің әлеуетін толық танытуына жол ашып, олардың құқығын қорғауға және тұрмыс жағдайын жақсартуға баса мән береді. Мемлекеттің жүйелі қолдау көрсетуінің арқасында қыз-келіншектердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл өткен сайын арта түсуде.

Тәуелсіздік кезеңінде әйелдердің түрлі салада толағай табысқа жеткеніне бәріміз куәміз. Сіздердің жетістіктеріңіз жұртты жігерлендіріп, жаңа биіктерге жетелейді, жастарға үлгі-өнеге болады", – делінген құттықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902371-prezidenttin-seruendeu-kezindegi-fotosy-zariyalandy/

pixel