Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтынға малынған": БАҚ Лукашенконың байлығына қатысты зерттеу жүргізді

Опубликовано:

Александр Лукашенко
Фото: UGC

Беларусь елінің Nexta атты оппозициялық бұқаралық ақпарат құралы Александр Лукашенконың байлығына қатысты журналистік зерттеу жүргізіп, фильм шығарды.

Фильмде Лукашенконы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптауда. Зерттеу авторлары Лукашенконы "пересидент" деп атап, оны Беларусьтың мемлекеттік резиденцияларын жекешелендіріп алды деп айыптады. Фильмде Тәуелсіздік сарайының құрылысы туралы сөз етіледі.

Сонымен қатар, бейнежазбада 18 жылжымайтын мүлік объектісі назарға іліккен: Минскідегі Тәуелсіздік сарайы, Витебск облысындағы "Крупенино" демалыс базасы және Брест облысындағы "Вискули" шаруа қожалығы - осының бәрімен Лукашенко "халықтың есебінен пайдаланып келеді" дейді фильм авторлары, ал бұл ондаған миллион доллар тұратын мүліктер екен.

Одан бөлек, Александр Лукашенко аста-төк сыйлықтар қабылдап, сыбайлас жемқорлық арқылы шетелдік кәсіпкерлерге қамқорлық жасайды деген болжам жасалуда.

Бұл фильмді көпшілік Алексей Навальныйдың "Путин сарайына" қатысты зерттеуімен ұқсас келетінін айтуда. Аталмыш фильмде Геленджиктегі үлкен ғимарат бюджет ақшасына салынғаны сөз етілген болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейде ереуілге шыққан Навальныйдың жақтастары ұсталғаны туралы жазған едік. Күштік құрылымдар заңсыз ереуілге шыққандары қамауға алған. Ал Алексей Навальныйды Германиядан Ресейге оралғанда, бірден әуежайда қамауға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902459-altynga-malyngan-baq-lukasenkonyn-bailygyna-qatysty-zertteu-zurgizdi/

pixel