Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр еліміздің экономикасы қандай жағдайда екенін айтты

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанда ақпан айында жалпы ішкі өнім минус 2,9 пайызды құрағанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жөнінде Әсет Ерғалиев үкімет отырысында сөз етті.

Оның айтуынша, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында макроэкономикалық көрсеткіштерде оң үдеріс байқалған.

"Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтардағы минус 4,5 пайыздан қаңтар-ақпанда минус 2,9 пайызға дейін жақсарды", – деді ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар, ведомство басшысы жылдық инфляция 7,4 пайыз деңгейінде сақталғанын жеткізді.

Кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты секторда өсім 6,3%-ке дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция 13,3%-ке артты.

Жалпы, Әсет Ерғалиевтің сөзінше, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласы 9,4 пайызға өсті.

Халықаралық рейтинг агенттіктері 2021 жылғы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін 3,2-3,8 пайыз деңгейінде болжап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан интернеттің жылдамдығы бойынша әлемде нешінші орында тұрғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902812-ministr-elimizdin-ekonomikasy-qandai-zagdaida-ekenin-aitty/

pixel