Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жаңа аудан пайда болды: Президент тиісті жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

Қол қойып отырған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында Сауран деп аталатын жаңа аудан пайда болды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің ресми сайтында хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа 12 наурызда қол қойған.

"Қазақстан  Республикасының  әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын", - делінген құжатта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күні, яғни 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1903292-turkistan-oblysynda-zana-audan-paida-bolady-prezident-tiisti-zarlyqqa-qol-qoidy/

pixel