Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің қауіпсіздік кеңесінде ауыс-түйіс болды

Опубликовано:

Қағаз бен қалам
Көрнекі фото: piqsels.com

Еліміздің қауіпсіздік кеңесінде жаңа тағайындаулар болды хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімдерімен:

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;

Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Еске салсақ, бұған дейін Зағипа Балиева Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтының проректоры қызметіне тағайындалғаны туралы жазған едік. Бұл ақпаратты оқу орнының ректоры Тілектес Есполов растады.

Оның сөзінше, Зағипа Балиева мәжіліс депутаты болған кезде университетке қолдау көрсетіп, өзекті мәселелерді көтерген.

Сонымен қатар Камалжан Надыров денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалған еді.

Надыров 2019 жылдан 2020 жылға дейін денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды, 2020 жылдың маусым-қазан аралығында Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1903777-elimizdin-qauipsizdik-kenesinde-auys-tuiis-boldy/

pixel