Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Қазақстанға келуге ниетті

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Chris J Ratcliffe/Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді. Бұл туралы РИА Новости Telegram арнасында хабарлады.

Басылымның жазуынша, Түркия президентінің Қазақстанға сапары 30-31 наурыз аралығына жоспарланған.

Ердоған Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысады деп күтілуде.

Еске салайық, түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммиті Түркістанда өтеді.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дүйсенбіде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездескен еді.

Олар Түркі кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және 2021 жылы Түркістанда өткізу жоспарланған бейресми саммитке дайындық барысын талқылаған.

Айта кеткен жөн, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алдыңғы саммиті 2019 жылы 15 қазанда Бакуде өткен болатын.

Іс-шараға Қазақстан атынан еліміздің тұңғыш президенті – Түркі кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Елбасы өз сөзінде түркі интеграциясы процесін жалғастырудың маңыздылығын және Түркі кеңесінің одан әрі дамуы үшін екі бастаманы көтерген болатын.

Сонымен қатар Елбасы бағдарламаға мәдени және білім беру, жастар саясаты мен денсаулық сақтау, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы іс-шараларды енгізу қажеттілігін де айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1903805-erdogan-qazaqstanga-keluge-nietti/

pixel