Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Элиманов Тоқаевқа бюджеттен жымқырылған 14 млрд теңге жайында айтты

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдарды күшейту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жанат Элимановтың айтуынша, жыл басынан бері сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген, оның екеуі трансұлттық топ.

Сондай-ақ ол бюджет қаржысын жымқыру деректері бойынша 14 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген 125 қылмыстық іс туралы айтты.

Сонымен қатар Элиманов президентке агенттіктің қаржы пирамидаларының жолын кесу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Ведомство басшысының сөзінше, бүгінгі таңда күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданған. 

Тоқаев пен Элиманов
Тоқаев пен Элиманов. Фото: Ақорда

Бұдан бөлек мемлекет басшысына кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Жанат Элиманов 2020 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген экономикалық қылмыстардың саны өткен жылдармен салыстырғанда алты есеге азайғанын жеткізді.

Қылмыстық істерді тексеру бойынша кәсіпкерлерді тергеуге шақырулардың саны екі есеге, ал тергеп-тексеру мерзімі 40 пайызға қысқарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. 

Кездесу соңында президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904177-zanat-elimanov-toqaevqa-byudzetten-zymqyrylgan-14-mlrd-tenge-turaly-aitty/

pixel