Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Бауыржан Ғайса
Бауыржан Ғайса. Фото: Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақмола облысы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Көкшетау қаласының әкімі болып Ғайса Бауыржан Сейітқалиұлы тағайындалды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында дүниеге келген.

1996 жылы Челябi мемлекеттiк агроинженер университетiн "инженер-механик", 2006 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн "есеп және аудит бакалавры" мамандығы бойынша, 2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттiк экономика жоғарғы мектебiн "Еуропа Одағындағы мемлекеттiң қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы қызметiнен бастаған. 1992 жылдың сәуiр айынан 1994 жылдың желтоқсан айына дейiн Қостанай облысы Затобол кентiнiң "Күмiс" шағын кәсiпорнының тауартанушысы болып жұмыс істеген.

1994 жылдан 2011 жылға дейiн бiрқатар жеке кәсiпорындардың басшысы болған.

2013 жылдың сәуiр айында "Нұр Отан" ХДП Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары, 2014 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың наурыз айына дейiн "Нұр Отан" партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейiн Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.

2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуiрiне дейiн Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкiмi, 2019 жылғы сәуірден қазанға дейін Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.

Жаңа қызметіне дейін Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904625-koksetau-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel