Елбасы Владимир Шепельдің туыстарына көңіл айтты

Опубликовано:

Владимир Шепель
Владимир Шепель. Видеодағы кадр: "Хабар 24" арнасы

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Владимир Николаевич Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Елбасы Владимир Шепель өзінің ұзақ жылдарға созылған еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

"Ол әрдайым өзінің жоғары кәсібилігімен, табанды өмірлік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепельдің жарқын бейнесі жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Владимир Шепель 74 жасында қайтыс болды.

"Хабар 24" телеарнасының мәліметіне сәйкес, әртүрлі жылдарда ол Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, оның кеңсесін басқарды, мұрағат директоры болды, көптеген мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904975-elbasy-vladimir-sepeldin-tuystaryna-konil-aitty/