Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертең Тоқаев пен Назарбаевтың қатысуымен жиын өтеді

Опубликовано:

Фото
Фото: Twitter/Aidos_Ukibay

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, жиын 31 наурыз Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта өтеді.

Бейресми саммитті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді.

Онлайн отырысқа Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады деп жоспарлануда.

"Жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сонымен қатар, саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты декларация қабылдануы мүмкін.

Саммит Zoom платформасы арқылы өтпек.

БАҚ өкілдері үшін арнайы трансляция ұйымдастырылатыны да белгілі болды..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905380-erten-toqaev-pen-nazarbaevtyn-qatysuymen-ziyn-otedi/

pixel